• 869 просмотров
Ғасырлар қойнауынан жеткен сұлулық: Нұрбанк клиенті сырмақ сыру өнерінің дәстүрін жаңғыртуда
Қазіргі кездегі Қазақстан халқы ұлттық мәдениеттің өкілі екенін айшықтау, ата-баба мұрасын жалғастырушы екенін көрсету үшін өзінің үй-іші заттары мен киімдерінің арасына ұлттық нақыштағы заттарды көптеп енгізгісі келеді.

Нұрбанк клиенті – Инабат Аязбаева сырмақ сыру өнерін қайта түрлендіріп, оның қалпына келуіне өз таңбасын қалдыруды мұрат еткен. Ол біздің қаламыздан цех пен бірегей техника жолымен жасалған бұйымдарды қызығушылардың көріп, тапсырыс беруіне қолайлы болуы үшін кішігірім көрме бөлмесін ашты.
Сырмақ деген не және Сіз осы әдіспен жұмыс істеуді неліктен таңдап алғаныңызды айтып беруіңізді өтінеміз?
Сырмақ – бұл кесінділерден өрнектер түріндегі қолдан жасалатын бұйым. Біз өз жұмыстарымызда міндетті түрде қазақтың дәстүрлі нақыштарын қолданамыз, сол арқылы ұлттық мәдениеттің сан қырлы және өзгеше екендігін айшықтай көрсетеміз. Ою-өрнектің әрбір нақышы сандаған ғасырлар бұрын пайда болып, біздің заманымызға жеткен терең мәнге ие. Көне дәуірлерде өрнек адамды залалдан сақтап, оның жолын ашатын тұмар ретінде есептелді.
Жалпы алғанда, сырмақ сырудың көптеген әдіс-тәсілдері қолданылады. Біз түйе жүнін екі матаның ортасына салып, оны негізге қолмен тігіп шығамыз. Бұл мақсатқа кенептің: астар, ішкі толтырма мен матаның жоғарғы қабаты секілді үш түрі пайдаланылады. Міне, осылардың арқасында біздің бұйымдарымыз өте сапалы болып шығады.
Менің клиенттерім біздің бұйымдарымызды ата-баба мұрасы мен ұлттық рухқа жақын болу үшін алады. Сырмақтар сырумен қатар біз ұлттық бояудағы той көйлектерін, шапандарды тігеміз, қалыңдықтың төсек-орнын әзірлейміз.

Жеке ателье мен көрме бөлмесін ашу идеясын Сіз қайдан алдыңыз?
Мен бала кезімнен тігіс тігуді, киім пішуді өте жақсы көретінмін, сондықтан да мен 7 жасымда-ақ болашақта қандай іспен шұғылданатынымды анықтап қойдым. Алайда үй-ішінің жағдайына байланысты университетке түстім және де беделді тілші мамандығын алып шықтым. Дипломды алғаннан кейін ЖОО-да тоғыз жыл бойы әдіскер қызметінде жұмыс атқардым. Осы уақыт ішінде өзімнің көкейімде мықтап орын алған асқақ арманымды іске асыру, әдемі бұйымдар жасау ойымнан ешқашан айныған емеспін.
Жақындарыммен өз жоспарымды бөліскен кезде, көптеген сыни пікірлерді естідім. Туысқандарым менің шығармашылықпен айналысам деген ойымды қолдай қоймады. Олар: «Жақсы да, тұрақты жұмысың бар, оны қайтесің?» - дейтін. Алайда мен тәуекелге бел будым да, жұмыстан кетіп, кәсіпкерліктің әліппесін оқып-үйрене бастадым, бизнес жүргізудің негіздерін меңгердім, өз шеберлігімді ұштай бердім.
Кәсіпкерлік біліктілігін игеру мақсатында 2019 жылы «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған «Бастау» жобасына қатыстым. Сонымен қатар «Микро бизнестегі әйелдер» жобасына да қатысып, онда үздіктер қатарынан көріндім. Оқу барысында мен ШОБ-ты қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жұмыс істейтінін, солардың аясында Даму Қоры арқылы 6% мөлшерлемеде субсидияланатын қарыз алуға болатынын білдім.
Осыдан кейін, кәміл ойластырылған бизнес-жоспарын әзірлеп алдым да, кредит рәсімдеу мақсатында банктерді аралай бастадым. Ұсынылған шарттарды мұқият салыстыра келіп, мен саналы түрде Нұрбанкті таңдап алдым. Банк 6 айлық мерзімге кредиттік каникул ұсынуға дайын болып шықты, ал бұл мен үшін өте маңызды болатын. Оның үстіне Нұрбанк 30 жылдан астам уақыттан бері нарықта жұмыс істеп келеді және іскерлік беделі жоғары сенімді қаржылық институт болып табылады. Көрме бөлмесі мен ателье ашуға қажетті жайды сатып алу мақсатына 15 миллион теңге сомасына кредит рәсімдедім.

Жұмысыңыздағы басты нәрсе не деп ойлайсыз? Сізді алға қарай не жетелейді?
Сырмақ тәсілімен орындалған бұйымдардың қаламыздағы әрбір үйден табылуын, оларды алған жандардың көз қуаныштарына айналуын қатты қалаймын. Күрделі дәстүрлі технологияны сақтай отырып, бұйымды жасап шығу мен үшін өте маңызды. Әрбір бұйымда, оны жасау жолында еңбек еткен адам қолының жылуы сақталып қалады. Мен ұлттық нақышта безендірілген заттарды сатуға, еліміздегі көптеген кісілердің біз жасаған бұйымдардың сапасына баға беруіне жол ашатын дүкендер желісін құруды армандаймын.
Сіз жолыңызда қандай қиындықтармен бетпе-бет келдіңіз?
Өз арманыма жету жолында әртүрлі қиындықтарға қарсы тұруыма тура келді. Жұмысыма қажетті барлық жабдықтарды орналастыруға мүмкіндік бермейтін үйде жұмыс істеген күндерім болды, күн-түні көз майымды тамызып жасаған бұйымдарды риза емес клиенттердің қайтарған күндерден өттім, кейде технологияны дұрыс ұстанбағандықтан, бәрінен басынан бастауға тура келген сәттерді де бастан өткердім. Бұл өмір, мұнда ешнәрсе оңайлықпен беріле салмайды, сондықтан да мойымадым, өзімнің асқаралы арманыма қарай ұмтыла бердім. Өз ісіме деген махаббат арқасында аталған қиындықтарды жеңіп шықтым. Қателіксіз жетістікке жету мүмкін еместігін әрдайым естен шығарған емеспін.
Сіздің салаңызда бәсекелестер бар ма? Сіз жасаған бұйымдар несімен ерекшеленеді?
Біз түйе жүнін матаның ортасына саламыз және оларға өрнектер тігіп саламыз. Ақтөбеде біздің ательеде ғана өз цехы жұмыс істейді және біз мұнда өндірістің технологиясын толығымен сақтай аламыз. Көптеген кісілердің өз үйлерінде ұлттық нақыштағы заттарды көптеп көргісі келіп отырған кезде, сырмақ сырумен бізден басқа ешкім айналыспайды деп айта алмаймыз. Дегенмен де, оларды бәсекелестерім деп айтуға да аузым бармайды, өйткені бізді ортақ мақсат біріктіреді, біз сырмақ сыру өнерін жаңғырту жолында келеміз. Бізді әріптестер деген дұрыс.
Біздің бұйымдарымыздың бірегейлігі – біздің жұмысымыздың басты ерекшелігі. Біз бір-бірінен аумайтын заттарды «қалыпқа» салып шығара бермейміз, біз қайталанбас туынды жасап шығамыз, сондықтан олар сұранысқа ие. Оның үстіне біз жасайтын өнімдер 100% табиғи, өндіріс кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмейміз.
Түйе жүнінен жасалған бұйымдардың емдік қасиеттерінің бар екендігі ежелден белгілі. Қазақ халқы көне дәуірлерден бері оны білген және өз денсаулығын түзеп алу мақсатында оларды пайдаланған. Өйткені түйе жүнінің әрбір талшығы жануардан бөлінетін ерекше балауызбен немесе ғылыми ортада ланолин деп аталатын затпен молынан жабылған. Адам денесінен бөлінетін жылудың әсерінен бұл зат теріге сіңіп, ауру бұлшық еттер мен буындарды емдейді.

Айтыңызшы, Сіздің ойыңызша Қазақстанда бизнес жүргізу оңай ма?
Осы күні біздің елімізде мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Мысалы, мемлекет Даму бағдарламалары арқылы субсидия жасалатын қарыздардың қол жетімді болуына, жан-жақты кеңестік қолдау көрсетуге және кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеуге мүмкіндік береді.
Жас кәсіпкерлерге қандай кеңес беретін едіңіз?
Егер де жетсем деген мақсатыңыз болса, сенімді түрде оны жүзеге асыруға ұмтылыңыз, тәуекелге барудан, қателік жасаудан қорықпаңыз. Сіз бүкіл жолды жүріп өтпейінше, қолыңыздан не келетінін, күш-жігеріңіздің қандай екенін ешуақытта біле алмайсыз. Осындайда «жол мұраты – жету» деп айтылмай ма. Мен аз білемін деп ойласаңыз – бұл да мәселе емес. Мәселе мен бәрін біліп қойдым деп ойлаған сәттен басталады. Соның нәтижесінде бизнес иесінде өзіне деген артық сенімділік дами бастайды, бұл оның жұмысының алға жылжуына кедергі келтіреді.
Нақты қажетті заттарды ғана алыңыз, ысырапқа жол бермеңіз. Бәрі өз кезегімен жүрсін, бәрін бір-ақ бір мезгілде қамтып алу мүмкін емес. Өз басым тұрмыстық тігу машиналарын сатып алудан бастадым, уақыты келгенде күрделі кәсіптік жабдықтарды сатып ала бастадым. Міне бұл менің ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге берер кеңесім.
Жас кәсіпкерлердің субсидияланатын қарыздардың қол жетімді болуына мүмкіндік беретін Даму Қоры арқылы ШОБ-ты қолдау бағдарламалары туралы да білгендері дұрыс. Банк таңдауда да қателеспеген жөн. Мен Нұрбанкті ұсынар едім. Мұнда әрбір клиент үшін ең ыңғайлы жағдайлар жасалған, банк жұмыскерлері туындаған кез келген мәселелерді шешуде көмек көрсетуге және бизнестің: идеядан жүзеге асырғанға дейінгі барлық кезеңдерінде кеңестік қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Банктің нақты ұстанымы - дербес сервис пен жеке қызмет көрсету.
«Нұрбанк» АҚ-да 2020 жылдың 3-ақпанында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Лицензиясы бар.

-
Рабочие АЗФ потребовали повысить зарплату
-
Kaspi.kz запустил сервис прикрепления к медицинской организации
-
Автобусы Актобе. Схемы маршрутов №1 и 2
-
Автобусы Актобе. Как доехать из Жилгородка до аэропорта
-
Нового руководителя управления молодежной политики назначили в Актюбинской области
-
Почему полиция не может остановить интернет-мошенников? Ответ МВД
-
В Актобе детей и взрослых будут бесплатно обучать программированию и ИИ
-
Более 600 водителей, выехавших на «встречку», выявили с помощью дронов
-
Сообщения о вспышке нового штамма коронавируса прокомментировали в Минздраве Казахстана
-
Актобе вошёл в тройку городов с самой дорогой водой и канализацией в Казахстане
-
Сообщения о вспышке нового штамма коронавируса прокомментировали в Минздраве Казахстана
Бесполезные для народа клерки из МинЗдрава беспомощно разводят бестолковыми ручонками... Статисты вашумадь))) Как им не стыдно получать зарплату за ничегонеделание? -
Продала чужую квартиру за 6 миллионов
Покупатель изначально повёлся на сверх-дешевую квартиру "на-халяву"... Не жаль -
В квартирах стоит запах из-за кафе. Совет юриста
Почему мой комментарий не пропустили. Жду ответа в личку. -
Молодёжка «Актобе» дважды оступилась дома
Разгоните этих дармоедов. Актобе никогда не был хоккейным городом 😒 -
Парк Пушкина закрыли на ремонт. Что будет с деревьями?
Куда народ старается выехать в выходные дни? Правильно. На ПРИРОДУ,где и речка и чистый воздух и травка зелёная а не на хромтауские месторождения,блин. Давайте тогда... -
Сто саженцев высадили в эко парке
Деревья это хорошо,но вот в области не хватает 32 (!!) учителя,а возле Айны поставили очередной понтовый фонтан. -
ФК «Актобе» оштрафовали за визит директора в судейскую и маты болельщиков
Не будет снова позорить наш город и нашу страну -
ФК «Актобе» оштрафовали за визит директора в судейскую и маты болельщиков
Очередная пощечина Клубу ,но есть и подожительный момент- на следующий год, команда Актобе не будет участвовать в еврокубках -
Парк Пушкина закрыли на ремонт. Что будет с деревьями?
Объясните этим баранам,что такое Парк отдыха. Это прежде всего кислородный оазис с лужайками и газонами,а не с тупой брусчаткой. -
Почему полиция не может остановить интернет-мошенников? Ответ МВД
Опыт общения с этой организацией показал, что там сидят вчерашние школьники, совершенно не компетентные в профессии и просто занимаются статистикой и писаниной...открывают дело, и через...
Комментарии 0