Главные новости Актобе,
Казахстана и мира
Ақтөбе, Қазақстан және әлемдегі,
басты жаңалықтар

Реклама на сайте diapazon.kz, в Инстаграм @gazeta_diapazon и в газете “Диапазон”: +7 775 559 11 11

576 просмотров

Партнерский проект

БИЗНЕСТЕГІ КЕШЕНДІ ӨЗГЕРІС НЫШАНЫ: ForteBusiness шағын кәсіпкерлерге цифрлық жаңа өнімдер ұсынуда

Жаһандық пандемия аясында біздің өмірімізге ерекше серпіліс әкелген жаңа тренд – цифрлық трансформация ел экономикасының ең ірі әрі дәстүрлі саласы болып табылатын банк жүйесін де айналып өткен жоқ. Мобильді және веб технологиялардың дамуымен банктер бүгінде өз иелігіндегі коммуникация арналарының мүмкіндіктерін барынша жаңартып, жетілдіруге мән беруде.

МӘЛІМЕТ. 2021 жылғы 1 сәуірдегі ресми мәлімет бойынша Қазақстанның қаржы нарығында екінші деңгейдегі 25 банк, оның 15-і шетелдік банктердің қатысуымен жұмыс істейді. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, аталған кезеңге сәйкес, отандық банктердің жалпы активі 32 426,2 млрд теңгені құраған.

Айтқандай, жаңа заман талабына сай түрленіп, цифрлық серпіліс көшінен қалыс қалмау үшін отандық банктер, ең алдымен, клиент сұранысын қанағат етуге бағытталған жаңа өнімдер мен құралдар әзірлеуге бағыт алуда. Бұл тұрғыда ForteBank нарыққа шығарған цифрлық қызметтердің бір шоғыры отандық шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері үшін тиімді болмақ.

- Бүгінгі таңдағы цифрлық технологиялар бизнестің мүмкіндігін кеңейтіп, жетілдірумен қатар, бизнес жүргізу тиімділігін арттыруға да елеулі үлес қосуда, - дейді ForteBank-тің Ақтөбе қаласындағы филиалы директорының заңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша орынбасары Айнұр Әбілқайырқызы МОЛДАШЕВА.

- Бұл тұрғыда біздің банктің кәсіпкерлер мен корпорацияларға негізделген ForteBusiness бағдарламасы заман талабына сай бағыттарды таңдай отырып, банк клиенттеріне бірқатар цифрлық жаңа өнімдер ұсынғанды жөн көрді. Мысалы, бүгінде жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) кез келген уақытта біздің банкте онлайн режимде және әртүрлі валютада есеп шот аша алады...

- Яғни, шағын және орта бизнес өкілдері қашықтан отырып-ақ ForteBank-тен есеп шот аша алады дейсіз ғой?

- Әрине! Бұл үшін бұрынғыдай арнайы банкке келудің қажеті жоқ. Ең бастысы клиенттің электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болса, жетіп жатыр. Өйткені біз мемлекеттік сыртқы базалармен шоғырлану тетіктерін түгелдей ескеріп, қажет мәліметтердің бәрін біріктіріп қойдық. Енді клиентке қандай да бір құжатты сканерден өткізіп, өтінім қағазын жүктеудің қажеті жоқ.

- Онлайн негізде шот ашу үшін шамамен қанша уақыт кетеді?

- Шот бірнеше минуттың ішінде ашылады, әрі кетсе 10 минутқа созылуы мүмкін. Жылдам әрі, ең бастысы, тегін. Сол сияқты, біз POS-терминалдар мен ағымдағы есепшот айналымына қарай овердрафт өнімі бойынша кәсіпкерлерге онлайн кредит беруге де кірістік.

- Бұл тұрғыда кредит сомасы бойынша қандай шектеулер бар?

- Шектеу дегенде, бұл арада, қаржыландыру сомасы POS-терминал бойынша соңғы 12 айда түскен орташа айлық табыстың 100%-нан аспайды, бірақ 5 млн теңгеден де жоғары емес. Ал кредит мерзімі 30 күнге дейін.

- Бұл өнімдер қолданысқа қашан түсті?

- Биыл, нақтырақ айтсам, осы 2021 жылдың мамыр айында басталды. Ендігі кезеңде жеке кәсіпкерлер, шағын бизнестегі өзге де заңды тұлғалар өз үйінде не кеңсесінде отырып, біздің банктің цифрлық өнімдерін барынша тұтынып, қолдана алады. Біздің банк, сондай-ақ таяу арада заңды тұлғаларға арналған мобильді интернет банкинг сервисін іске қосуды да жоспарлап отыр.

ForteBusiness-тің цифрлық өнімдерін жергілікті бизнес қалай қабылдауда? Технологиялық әлеует көрсеткіші қандай?

- Цифрландыру – бұл кез келген бизнестегі кешенді өзгеріс нышаны деп есептеймін. Меніңше, Қазақстандағы шағын және орта бизнес, оның ішінде, әрине, Ақтөбе облысы бойынша да барынша қарқындап дамуда. Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша ел азаматтарына көрсетіліп отырған электронды түрдегі мемлекеттік қызметтердің үлесі 60%-ға дейін өскені белгілі. Яғни, еліміз бойынша жеке тұлғалар да, бизнес субъектілері де цифрландыру көшінен қалыс қалмай, мейлінше тез бейімделуде. Біздің Ақтөбе аймағындағы бизнес өкілдері де цифрлық өнімдерді белсенді түрде игеріп жатыр, біз бұны күнделікті жұмыс барысынан көріп, бақылап отырмыз. Оның сыртында, біздің банк ұсынған цифрлық өнімдер барынша ыңғайлы және бизнеске қатысты кез келген мәселені оңай әрі жылдам шешіп бере алады. Соған сәйкес кәсіпкер де өз жұмысын мейлінше тиімді етіп жоспарлап, үнемдеген бос уақытын бизнесті дамытуға жұмсай алады.

- Бұл өнімдерді қолданушылар саны көп пе?

- Әлбетте, банктің жаңа өнімдері қолданысқа түскеннен бері екі айдың ішінде клиенттеріміздің 60%-ы осы ForteBusiness цифрлық қызметтерін белсенді түрде қолдануда және де бұл көрсеткіш күн санап өсіп келеді.

- Банктің цифрлық қызметтерін қолдану барысында шағын кәсіпкерлерге арналған қосымша көмек қажеттілігі болды ма?

- Кәсіпкерлер тарапынан ешқандай қиындықтар не түсінбестіктер болған жоқ, қалай дегенмен, біздің банктегі цифрлық сервистер кез келген клиент үшін жеңіл әрі қарапайым етіп ұйымдастырылған. Ең бастысы, клиенттің қолында ЭЦҚ және өзіне ғана белгілі құпия сөзі болуы шарт. Клиентке қатысты қажет деректер мәліметтер базасынан автоматты түрде келіп, түсіп жатады, яғни, клиент өзі күткен нәтижеге қысқа мерзім ішінде қол жеткізе алады. Әрине, егер қандай да бір сұрақ не мәселе туындап жатса, біздің банктің мамандары дереу қолдау көрсетіп, қол ұшын беруге әзір.

- ForteBank-тің цифрлық жаңа өнімдерін қолдану үшін шағын кәсіпкерлер нені ескергені жөн?

- Қандай да бір ерекше талап жоқ. Ақтөбелік кәсіпкерлер, жалпы, біздің облыстағы шағын және орта бизнес өкілдері ForteBank сайтында шот ашуға немесе кредит алуға кез келген уақытта өтінім қалдыра алады. Бұл үшін оған керегі – жеке компьютер (ноутбук, планшет, смартфон) және Интернет. Яғни, біздің банкте шот ашу арқылы клиент Интернет банкинг жүйесіне тәулік бойы қосылу мүмкіндігіне ие. Сөйтіп, ол әлемнің кез келген жерінен өзінің банктік шоттарын басқарумен қатар, шоттары мен төлемдеріне қатысты барлық мәліметке онлайн режимде қол жеткізіп, біздің банкпен электронды түрде кез келген ақпаратпен бөлісе алады.

ForteBusiness-тің цифрлық өнімдерінің қазақшасы қалай? Бұл өнімдер қазақ тілінде қолжетімді ме?

- Әрине. Біздің банк ұсынып отырған барлық өнімдерге, оның ішінде офлайн негіздегі дәстүрлі өнімдерге де, онлайн ұсынылатын цифрлық қызметтерге де банк клиенттері қазақ және орыс тілдерінде кез келген уақытта бірдей қол жеткізе алады. Осы арада арнайы айта кеткім келеді: ForteBank-тің «заңды тұлғаларға арналған мобильді банкинг» деп аталатын цифрлық жаңа өнімі алдымен қазақ тілінде әзірленуде. Яғни, алдымен қазақша дайындалған өнімді біз артынша орыс тіліне аударамыз. Бұл өнім таяу арада қолданысқа түседі деп отырмыз. Және де біздің клиенттер тарапынан барынша сұранысқа ие болады деген үміттеміз.

Айнұр ханым, қалай ойлайсыз, банк саласындағы цифрлық трансформация нәтижесінде оларға тән өзіндік жеке тұрпат, ерекшелік жойылып, банктер бәрі бірдей, біркелкі болып кетпей ме?

- 2020 жыл тек банк саласы үшін ғана емес, жалпы, экономика, нарық алдында үлкен талаптар қойып, цифрландыру міндетінің өзектілігін жан-жақты белгілеп, айқындап берді. Сол себепті де отандық банктер өз қызметтерін онлайн ортаға бейімдеп, икемдеу бағытындағы бүгінгі жұмыстарын одан әрі жалғастырып, дамыта түспек. Бұл ұстаным, ең алдымен, банк клиенттері үшін тиімді: олар банк қызметін өзіне қолайлы уақытта үйден шықпай-ақ барынша сапалы деңгейде пайдалана алады. Әрине, бұл тұрғыда банктер үшін де тиімді тұстар аз емес – цифрлық құралдар клиенттердің санын арттыруға үлес қосуда. Соған сәйкес банктердің кірісі өсіп, шығындары төмендейді деп жорамалдауға болады... Ал банктерге тән жеке тұрпат, даралық туралы айтар болсақ, бүгінде отандық банк секторындағы әр ойыншы өз стратегиясы мен бағдарламасына сай әрекет етумен қатар, өзіндік «нишалық» сипат алуда. Мұндай жағдайда банкаралық бәсекелестік нарық ішіндегі қаржы өнімдерінің, қаржы құралдары мен қызметтерінің сапасын арттыруға септік етеді. Яғни, өз өнімдері мен қызметтерін мейлінше жылдам әрі оңай қолдануға мүмкіндік беретін банк қашанда дара қалпын сақтап, танымалдылығын жоғалтпайды деп есептеймін.

Жасанды интеллектке негізделген қаржы құралдары алдағы уақытта банк мамандарын жұмыссыз қалдырады деген үрей жоқ па?

- Цифрландыру барысындағы жедел қарқын бұған белгілі бір дәрежеде ықпал етуі әбден мүмкін. Бірақ ForteBank мамандары үшін дәл қазір мұндай үрей жоқ. Цифрлық өнімдерге деген сұраныстың өсуінен біз қазірдің өзінде жаңа клиенттер легін анық байқап отырмыз. Біз үшін бұл қуантарлық жайт, дегенмен, «адамның күні – адаммен» деген. Цифрландыру барысындағы өзгерістерге қарамастан, офлайн негіздегі дәстүрлі банк қызметтеріне деген сұраныс та таяу арада төмендей қоймайды. Себебі бұл дәстүр қашанда клиент тарапынан банкке деген сенім мен адалдықтың нышаны болған...

МӘЛІМЕТ. ForteBank – меншік капиталы және капиталдың жеткілікті деңгейі көрсеткіштері бойынша төртінші орында тұрған қазақстандық ірі банктің бірі. Республика бойынша 20-дан астам филалдары және 100-ден астам бөлімшелері жұмыс істейді.

Комментарии 0

Комментарии модерируются. Будьте вежливы.